OYLA: Шілде 2019

7[47]

ЖУРНАЛДЫ САТЫП АЛУ

Гиппократ

Гиппократқа доктор Хаус пен Ватсонның қасынан лайықты орын бөліп беруге болар еді. Мейлі, олар ойдан шығарылған-ақ болсын. Ұлы «медицина атасы» туралы да нақты дүниелер аз, тіпті, ғалымдар кей идеялардың оған тиесілі екеніне күмәнмен қарайды. Ал, біле білсеңіздер, тіпті, Ватсонның да прототипі болған...

Шолу дөңгелегінің тарихы

Бүткіл әлемдебұл аттракцион «Феррис дөңгелегі» — авторының құрметіне қойылған — деп аталады. 120 (!) жылдан аса бұрын пайда болғанына қарамастан, шолу дөңгелегі өз танымалдығын әлі күнге дейін жоғалтар емес, демалыс саябақтары мен карнавалдардың ең негізгісіне айналды.

Менделеев периодтық кестесі

«Периодтық заң» деген сөз тіркесі алғаш рет 1869 жылы 6 наурызда Орыс химиялық қоғамының отырысы барысында қолданылды. Тек бірнеше ондаған жылдан кейін ғана химияда периодтарды қолдану идеясы ғалымдар арасында мойындатылды, ал кейінірек, тіпті, әлемді тану бойынша негізгі заңдар қатарына да қосылды. Бұл заңның атасы болған Дмитрий Иванович Менделеев еді.

Өсімдіктер қалай тіл қатады?

Ұзақ уақыт адам баласы өсімдіктердің бір-бірімен сигнал арқылы тілдесетінін білмей келді. Бірақ көк шөптердің біздікіндей байланыс құралдары бар екен – атап айтар болсақ, гормондар мен электрлік импульстар.

Килограммның құлауы

Нағыз Париждің атмосферасын сезінгіңіз келсе, қаланың ең ұзын көшесі Rue de Vaugirard-ке жол тартыңыз. Рю-де-Вожирардан кітап сөрелерін, арзанқол кафелер мен жаңа піскен круассан иісі мұрын жаратын тәтті нандар дайындайтын орындарды көре аласыз. Жақын жерде — Люксембург бағы, одан біраз жерде Дэн Браунның «Код да Винчиінде» кездесетін Сен-Сюльпис шіркеуі... Алайда ең басты көрнекі орын мүлде елеусіз қалғандай. 

Статьи