OYLA: Маусым 2019

6[46]

ЖУРНАЛДЫ САТЫП АЛУ

Айдаһардың ұйқысын бұзбайық...

Жанартау – түсініксіз дүние. Бұл таудағы ойықтың атауы ма? Әлде, бұл таудың бір түрі болар? Немесе, жанартаудың тауға мүлде қатысы жоқ па? Егер ішінде лава болмаса, ол ешқандай да жанартау емес шығар? Және ең бастысы: егер жақын маңда жанартау болмаса, тіпті, ұйқыдағы жанартау кездеспесе, өзіңді қауіпсіз сезіне аласың ба?

Террақалыптасу: ғарышты басып алу жоспары

Ғарышты елдендіру арманы адамзатты бірнеше ғасырлар бойы мазалап келе жатыр. Алпауыт ғарыш кемелері, орбита станциялары және ай базалары ғылыми-фантастикалық кітаптар мен фильмдердің дағдылы бөлшектеріне айналғалы қашан. Дегенмен, қазіргі таңда адамзаттың технологиялық мүмкіншілігі жоғарыдағы арманның бәрін шындыққа айналдыруға қауқарлы. Әйтсе де, әзірге өзге ғаламшарларды адамдар ол жақта еркін өмір сүре алатындай етіп түрлендіру – яғни, террақалыптасу идеясы арман күйінде қала бермек.

Ыммен түсіну

Біз үшін тілдің негізі дыбыспен және жазба белгілермен жеткізетін сөздерден ған құралатындай болып көрінеді. Әйтсе де, ым мен ишарадан тұратын әлем бар – бұл саңыраулардың ым тілі.

Зертхана кеміргіштері және басқалары

Кеміргіштер – сүтқоректілердің ең ірі жасағы. Олардың көбі тез көбейеді және қолға тез үйренеді. Сондықтан да оларды үйде ұстап, ғылымда пайдаланатынына таңданатын ештеме жоқ. 

Жазғы десерт: онда қандай химия жасырынған

Жазғы қапырық ыстықта салқын десерттің ләззатынан бас тарту қиын. Әрине, қысқы ызғырықта да бәрін ұмытып эскимо жейтіндер бар шығыр, алайда ондайды жиі көре бермейміз. Қалай болғанда да, балмұздақ – бір мезетте салқындап әрі өзіңізді тәттімен еркелетуге мүмкіндік беретін жазғы әмбебап тәсіл. Бұл жерде химияның қатысы қанша дейтін боларсыздар? Әйтсе де, біздің жазғы сүйікті тәттіміз – күрделі химиялық қоспа. Бір стақан пломбирдің ішінде қандай ғылымның жасырынғанын бірге анықтайық.