OYLA: Мамыр 2019

5[45]

МАРКО ПОЛО: БОЛҒАН БА, БОЛМАҒАН БА?

Теріс мәлімет таратуға қатысты істі ашық деп жариялаймыз. Сотқа тартылып отырған – италияндық Марко Поло, шамамен саяхатшы болса керек. Ортағасырлық Азия елдерінің географиясы мен этнографиясы жайлы жалған мәлімет тарататын кітапты шығарғаны үшін айыпталады. Негізі, кінәсі әзір дәлелденбеген. Фактілерді баяндайтын біз, ал үкім шығаратын өздеріңіз.

SCIENCE IS COMING

Сіздер біздің «Тақтар ойынын» («Игра престолов») назардан тыс қалдыра алмайтынымызды түсінетін шығарсыздар? Дегенмен біз үшін маңыздысы сериалдың немен аяқталғаны немесе кітаптан айырмашылығы қандай екені емес, бізді қызықтыратын — Мұз және От әлемі туралы ғалымдар не ойлайды?

Және, әрине, назар аударыңыздар: СПОЙЛЕРЛЕР!

ТУАБІТТІ МАНИПУЛЯТОРЛАР: АҚЫЛДАН АДАСТЫРУДЫҢ БЕС ТӘСІЛІ

Паразиттердің өмірі көп жағдайда қожайынының амандығы мен әдеттеріне тәуелді. Эволюциялық жетістікке қол жеткізу үшін олар адам айтқысыз қулыққа барады. Мысалы, қожайындарының әдеттерін өзгертеді немесе оларды мүлде зомбиге айналдырады. Ендеше паразиттер әлемінде кімдердің, қалай және не үшін айла-тәсілге жүгінетінін тарқатып көрейік. 

ТУҒАННАН БЕРІЛЕТІН ҚҰҚЫҚ

Ата-аналары балаларына қабақтарын түйіп, шағым айтып жататын кездері жиі кездеседі. Кейбіреулер дұрыс сын айта алмайды, оларға: «Сен неткен топас едің!», – деп айғай салған жеңілірек. Енді біреулер тынымсыз балаларға сес көрсетіп, тіл тигізіп және кемсітіп жатады. Осы жағдайлардың ешқайсысы соққыға, шапалақ немесе дүреге апарып соқпаса да, бәрібір әңгіме зорлық көрсету жайлы болмақ. Бұл психологиялық зорлық-зомбылық. ЮНИСЕФ-тің (БҰҰ балалар қоры) 2017 жылғы зерттеуі бойынша, қазақстандық оқушылардың шамамен 60%-ы ата-анасынан осындай жәбір көреді екен. Осы балалардың бәрі өздерінің құқықсыз емес екенін, бүкіл әлемнің заңы оларды ересектердің мұндай қылықтарынан қорғайтынын білулері керек. 

ТЕҢІЗ ШЕКАРАСЫ

Мыңдаған жылдар бұрын адамзат қоғамында «шекара» ұғымы пайда болды. Алайда, жерде жай ғана сызық жүргізіп немесе қабырға тұрғызуға болғанмен, тулаған толқындарда шекара жүргізу жағы қиынға түсті. Нақты шешім әлі күнге дейін жоқ.