OYLA: Сәуір 2019

4[44]

ЖУРНАЛДЫ САТЫП АЛУ

Қара құрдымды суретке түсіру

2019 жылы 10 сәуірде бір уақытта Брюссельде, Вашингтонда, Сантьяго-де-Чили, Тайбэй, Токио және Шанхайда қара құрдымның алғашқы «суретіне» арналған пресс-конференция өтті. Астрофизик-ғалымдарды тыңдау үшін ғаламшарымыздың алты бірдей нүктесінде бас қосатындай, ол несімен маңызды?

Дәрігерлерге қол жууды кім үйреткен?

"Алдымен қолыңды жуып, содан кейін үстел басына отыр" – бұл сөздердің күнделікті дағдыға айналғаны соншалық, кейде тіпті ашу шақырғанымен (қатты қарның ашып тұрғанда), мүлде қарсылық тудырмады. Бүгінгі таңда біз: тазалықты патогенді микроағзалармен кездесіп қалмау үшін сақтау керектігін жақсы білеміз. Ал, бұрындары адамдар олардың бар екенін білмеген уақытта қалай өмір сүргенін елестетіп көріңіздерші! Бұл небәрі бір жарым ғасыр бұрын болған..

Ғаламдық жылыну

Сахарадағы қар мен Солтүстік мұзды мұхиты жағалауларындағы қапырық, өрттер мен су тасқындары, температураның түсініксіз құбылуы – табиғатқа не болып жатыр? Көп жағдайда бұл катаклизмдерді құпия ғаламдық жылынумен байланыстырып жатады. Неге бұл үрдіс бүкіл әлемнің қорқынышын тудырып, ғалымдардың, саясаткерлер мен қоғамның ортасында мұншалықты дау-дамай орнатуда?

Байырғы рецепт бойынша елес

Қайтыс болған Тупак Шакур 2012 жылы Coachella музыкалық фестиваліне қалай қатысты? Бұл мистика емес! Осыған ұқсас оптикалық иллюзиялар викторияндық Англия тұсында-ақ көрерменнің көңілін көтеру үшін қолданылған. Өз "елесіңді" үй жағдайында жасауға да болады – бұған 10 минут уақыт және біраз пластик кетеді.

Түнде неге қараңғы?

Көбінесе мұндай сұрақты айналасын тануға алғаш қадам жасап жүрген кішкентай балалар қояды. Неге-неге? Себебі, күн жоқ, сол да түсініксіз бе?