OYLA: Ақпан 2019

2 [42]

Ғарыштық ғажайып кристалдар

Жарты ғасыр бұрын суығанда ақ ергежейлірер ядросында оттегі мен көміртегінің кристалдануы жүзеге асады деп топшыланды. Нәтижесінде жұлдыздың сууын баяулататын жылу бөлінеді. 10 млрд жылдан кейін біздің Күніміз де дәл сондай ақ ергежейліге айналады. 2019 жылы қаңтар айында Америкалық астрономиялық қоғам конференциясы өтіп, онда Британия, Канада және АҚШ ғалымдары жұлдыз эволюциясына қатысты осы парадоксальды модельді растады. 

Ақылды шамдар

Қызу шамынан қарапайым не болсын? Электр желісімен тікелей байланысқан вольфрам тізбегі, азот немесе аргонмен толтырылған шыны колба, қаңылтыр цоколь — бар болғаны осы. Өнімнің жаппай өндіру құны 10 центке жетер-жетпес екеніне таңданатын ештеме жоқ. Алайда, қызу шамдарының ысырапты тұстары да бар — жалпы энергияның 4%-ға жуығын ғана жарыққа айналдырады. Оны жетілдіре түскен артық болмас!

Ыдырау ойыны

Миды зерттеушілер көп, алайда ол туралы білетініміз әзірге толық емес. Кей ауруларды, мысалы, қояншық ауруының асқынған формаларын тек екі жарты шардың арасындағы байланысты үзу арқылы ғана емдеуге болады. Осындай ота жасалған адамдарды зерттеу мидың қалай жұмыс істейтініне қатысты біраз ақпарат берді.

Ақыл дегеніміз не?

Біздің түріміздің атауы — саналы адам. Сана бізге тұтас ғаламшарға таралып мекен етуге, өнер туындыларын тудырып, өзімізді емдеуді және тағы басқа дүниелерді меңгеруге мүмкіндік берді. Алайда, не себепті онда Жер бетінде өзге түрлер қалды — олардың ақылы төмен ғой? Негізі, ақыл ұғымы өте күрделі, оны біреуде көп немесе аз деп кесіп айту қиын.

Акцент: неге адамдар әртүрлі сөйлейді?

Бірде американдық, поляк және қытай француз тілін үйрететін курсқа келеді… Жоқ, бұл анекдоттың басы емес, лингвистикалық тапсырма. Егер кейіпкерлердің тіл үйренуге деген қабілеті барлығында бірдей болса, олардың қайсысына тілді игеру жеңілге түседі? Ал қайсысы акценттен арыла алмай кетеді? Мәселе ұлтқа қатысты емес, біз сөз қылып отырған кейіпкерлердің туған тіліне байланысты.

ДК-ойыншысы дайындал: графиканы баптаймыз

Компьютер графикасы заманауи видео ойындарда нағыз ғажайыптар тудыруда. Дегенмен, оның несі және қалай жұмыс істейтінін барлық геймерлер жақсы түсінеді деуге келмес. Баптау­лардың іші тұнып тұрған түсініксіз сөздер: «анизотропты сүзгілеу», «тесселяция», FXAA және SSAA. Осының бәрін егжей-тегжейлі түсіндіріп беретін мақала болғанда ғой! OH WAIT…

Көнермейтін жауhарлар 

Халықаралық жаңартылатын энергетика халықаралық агенттігінің (IRENA) мәліметтері бойынша, өткен жылы орнатылған энергия көзінің 56%-дан астамы гидроэнергетика үлесіне тиесілі. Су ағыны саланың әлеуетін 1122 гигаватқа арттырды! Осының бәрі инженер идеясының мінсіз жауһарына айналған турбинаның арқасында жүзеге асты.

Нұсқаулық: бәлеге душар болған жануарлар 

Жабайы табиғатты былай қойғанда, тіпті, қалалы жердің өзінде қорғансыз жануарлардың түрлі күрделі жағдайларға тап болатынын жиі кездестіріп жатамыз. Не істеу керек? Кімнен көмек күтеміз? Жағдайды ушықтырып алмаудың жолы қандай?