OYLA: Қаңтар 2019

1 [41]

ЖУРНАЛДЫ САТЫП АЛУ

Бір мезгілділік парадоксы: көз ілеспес кванттық әлем

Квантты әлемге саяхатта ғылыми фантастикаға жақын, кей кездері, тіпті, ақылға сыймайтындай болып көрінетін құбылыстарды кездестіруге болады. Микроәлемнің кейіпкерлері алуан түрлі және олар парадоксалды заңдарға сай өмір сүреді. Мысалы, сіз кей субатомды бөлшектер өткен шаққа қайтып орала алатындарын және бір мезгілде екі жерде бола алатындарын білетін бе едіңіз? Ендеше, данышпан Эйнштейннің өзі өмірінің соңына дейін сандырақ деп есептеген квантты ғажайыптардың тереңіне бойлап көрейік.

Отты бағындыру ғылымы

Әлемде жыл сайын 7 миллионнан астам өрт оқиғасы болады, одан 80 мыңнан астам адам көз жұмады. Адамзат тарихы бойы өрттің қанша өмір мен материалдық құндылықтарды жойғанын болжап айтудың өзі қиын. XXI ғасырдың өзінде адамдар әлі күнге дейін бағынбайтын өртпен күресті жалғастыруда.

Ғылыми астрология

Адамдар дүниеге келген ай тағдырларына ықпал етеді деп ұзақ уақыт бойы сеніп келді: жұлдыздар мен ғаламшарлар күн сайын орнын өзгертіп отырады, яғни бұл жаңа туған нәрестенің қабілетіне өзгеріс енгізуі керек. Ғарышты зерттеу бұл ретте аспан денелерінің еш қатысы жоқ екенін көрсетті. Дегенмен, сәбидің дүние есігін ашқан күні расымен оның денсаулығына және мінез-құлқына өз әсерін тигізе алады. Бірақ мәселе биологияда.

Жарықтың қараңғы жағы

Сіздер Құс жолын көрдіңіздер ме? Суреттен немесе түсіңізде емес, түнгі аспаннан, өңіңізде? Бұл сұрақ осыдан бір жарым-екі ғасыр бұрын таңданыс тудырар еді, алайда, бүгінгі таңда адамзаттың үштен бірі атақты жұлдыз шоғырын көру мүмкіндігінен айыр­ы­­лып отыр. Мәселе көздің нашар көруінде емес: Құс жолы бізден электр жарығы пердесінің артына жасырынып қалған көрінеді. Негізі, жұлдыздардың көрінбей кетуі — көше шамдарынан туындайтын түйткілді мәселелердің бергі жағы ғана.

10 ауа райына қатысты он наным-сенім

Біздер ауа-райына бейжай қарамаймыз: жылыны немесе суықты, жазды не қысты тәуір көреміз, ауа райы туралы сайттарды таңдап, климаттық апаттардан шошынып, жаһандық жылынуға күмәнмен қараймыз. Ендеше, ауа райына байланысты көптеген жаңсақ пікірлерге таңданудың керегі жоқ. Біз солардың ішіндегі ежелгі наным-сенімнен бастап, бүгінгі спекуляцияға дейінгі ең кеңінен тараған он түрін іріктеп алдық.

Бір кесе шайдағы химия 

Қара шай жайлы әңгіме қозғайтын болсақ, қытайлық екеуіміз бір-бірімізді түсінер ме екенбіз? Көк шайда қара шайға қарағанда кофеин аз, әрі қара шай мен көк шайды түрлі температурада демдеу керек деген дұрыс па? Шай несімен пайдалы? Ең танымал алкогольсіз сусын жайлы сөз қозғайық.

Миды детокстау

Детокс — бұл ағзаны түрлі аурулардың, нашар көңіл күйдің, терінің солғын таруы мен шаштың түсуінің туындауына себеп болатын уыттардан тазарту тәсілі. Мегаполис тұрғындары уытты кез келген жерден кездестіреді: зиянды тағамдар, лас ауа мен су. Тағамдық қоспалар, шай, гомеопатия, кофе клизмалары, құлақ балауыздары және аяқты бұлау детоксикацияға, яғни дене мен денсаулықтың жаңаруына кепілдік береді. Алайда, бұл қаншалықты шындық? Талқылайық.

#қайтаөңдеуге сұрыпта

Қоқыс шелегіне көз салып көрсеңіз, ішінде көптеген пайдалы зат байқай аласыз? Бірақ оның бізге керегі не дейсіз ғой. Мұндай қоқыс үйде құр орын алып тұрады, әрі иісі де жағымсыз. Біз олардан құтылғанша асығамыз. Осы қоқыстың екінші рет қолданылуы туралы ойланып жатпаймыз.