OYLA: Қыркүйек 2017

№ 9 (25)

ЖУРНАЛДЫ САТЫП АЛУ

Бір мезгілділік парадоксы: көзілеспес кванттық әлем

Квантты әлемге саяхатта ғылыми фантастикаға жақын, кей кездері, тіпті, ақылға сыймайтындай болып көрінетін құбылыстарды кездестіруге болады. Микроәлемнің кейіпкерлері алуан түрлі және олар парадоксалды заңдарға сай өмір сүреді. Мысалы, сіз кей субатомды бөлшектер өткен шаққа қайтып орала алатындарын және бір мезгілде екі жерде бола алатындарын білетін бе едіңіз? Ендеше, данышпан Эйнштейннің өзі өмірінің соңына дейін сандырақ деп есептеген квантты ғажайыптардың тереңіне бойлап көрейік.

Қорыққанға қос көрінер

Сендер осы біз неге қорқамыз деп ойланып көрдіңдер ме? Ағаштан немесе құздан құлап кетуден қорқамыз, бос жүрген иттен қорқамыз, ұшаққа ұшудан немесе американдық асулардан сырғанаудан қорқамыз. Бала кезден бастап-ақ айналамызда көптеген қорқыныштар туындайды, дегенмен олардың барлығының табиғаты ортақ. Ми оларлды бір ғана мақсатпен — бізді қауіп-қатерден қорғау үшін түрлендіреді.

Қолға үйретілген жарық

Лазер ғылыми фантастар мен блокбастер режиссёрлерінің сүйікті құралдарының бірі, бұған таңданатын ештеме жоқ. Біріншіден, ол жарылатын тікұшақты ғана алдына салып, кез келген уақытта экраннан көз тартарлық әсер сыйлай біледі. Екіншіден, көрермен оның жұмыс істеу қағидасын толық түсіне бермейді, бұл сценарийшіге берілген мүмкіндік. Нәтижесінде, лазермен тұтас ғаламшарларды жоқ қылып, тіпті, атыс-шабыстар да ұйымдастырады.

Қанішер-өсімдіктер

Мектептегі ботаника пәнінің жәндіктермен қоректенетін өсімдіктер туралы бөлімі аса қызықты екені сөзсіз. Алайда, есте қалғаны тек өздігінен жабылатын қақпанына шыбын-шіркейді үймелетіп алатын шыбынжек жапырағы ғана. Сөйтсек, шыбынжек жапырағынан бөлек, жыртқыш өсімдіктердің тағы басқа жүздеген түрлері бар екен, әрі олардың әрқайсысы миллион жылдық эволюция барысында өзінің аңшылық құру стилін қайрай түскен.