OYLA: Наурыз 2018

№3 [31]

ЖУРНАЛДЫ САТЫП АЛУ

Антиматерия — деген не?

Бұл термин ғылыми фантастикада жиі кездеседі, мұндайда автор түп негіздерге аса мән бермей, бұл затқа ерекше қасиеттер бекітеді. Алайда, ол туралы ғылым не біледі? Біріншіден, ол расында бар. Екіншіден, ол өте аз. Үшіншіден, ол Ғаламның қандай заңдар бойынша құрылғанын анықтай түседі!

Ғарышқа апарар лифт

 «Келесі аялдама – “Кларк орбитасы”. Құрметті жолаушылар, скафандрлары­ң­ызды киіп, тіршілікті қамтамасыз ету қайнарларын қосыңыз». Бізге метро аялдамасын хабарлағандай, бәлкім, немерелерімізге мұндай хабарлама үйреншікті болар. Алайда инноваторлар дәл осыны біздің балаларымыздың ғасырында шындыққа айналдырмақ. Технологиялар жарысы басталып кетті!

Жылусыз жарқырау

Неғұрлым жарық болса, соғұрлым жылырақ. Өмірлік тәжірибемізге сүйенсек, бұл екі ұғым ажырамас бірбүтін секілді. Алайда, химия заңдары бұл тәуелділікті жоққа шығаруда: заттың жарқырауы «суық» болуы да мүмкін, яғни жылумен еш байланысы жоқ. Ең қызығы — мұндай құбылыстар бізге жиі кездесіп жатады.

Паркинсон ауруы: 200 жылдық күрес

Қазірдің өзінде біз оның қалай және не үшін пайда болатынын толық түсініп, емдей алмаймыз — жай ғана, тіпті, аз уақытқа болса да, белгілерін жеңілдетеміз. Бұл аурудың құрмауына түскен жалғыз атақты Мұхаммед Әли ғана емес. «Қайтадан болашаққа» («Назад в будущее») фильмінің жұлдызы Майкл Джей Фокс бұл аурумен 1991 жылдан бері күресіп келеді. Жемісі бар. Жақында, тіпті, сахнаға гитарасымен шыға алды!