OYLA: Ақпан 2022

2 [78]

ЖУРНАЛДЫ САТЫП АЛУ

Неліктен «Одиссеяда» көк түс жоқ?

Есейе келе дәм сезгіштік арта түседі. Кенеттен зәйтүнге немесе ащы шоколадқа деген махаббаттың ояныуы осыған байланысты. Ал сіздер осы жағдайдың тілге де және түстердің атауына да қатысы бар екенін білетін бе едіңіздер?

Балалар нені ойлап тапты?

«Ғылым — балаларға арналмаған, ол үшін жоғары білім керек, қысқасы, ересек болғаның жөн». Сіздер де солай ойласыздар ма? Мүлде олай емес! Әлемде балалар немесе жасөспірімдер ашқан жаңалықтар өте көп. Әрі XXI ғасырда олар тіптен көбейіп келді.

Көбелек не себепті құрт болған?

Ересек адамдар көбінесе кішкентай кездеріндегі өз суреттеріне мүлде ұқсамайды. Ал енді кей жануарлардың жас төлі жыныс мүшесі жетілген ересектерінен ерекшеленетіні соншалық, оларды ғасырлар бойы бөлек түрге жатқызып келген. Осының бәрі энергияны көп қажет ететін, есесіне экологиялық өте тиімді процесс — өзгерістің арқасы.

Бізге құм жете ме?

Ғарыштық биіктіктен шексіз шөл далаға көз тастағанда, көп ұзамай қаптаған келеңсіздіктер қатарына құм тапшылығы да қосылуы мүмкін дегенге сене қою қиын. Құм ба? Әдетте аяқ киімімізден сілкілеп түсіріп тастайтын қарапайым құм? Иә, соның дәл өзі. Әрі бұл ешқандай да қалжың емес.