OYLA: Қазан 2021

10[74]

ЖУРНАЛДЫ САТЫП АЛУ

Асхана аспаптарының эволюциясы 

Кейде бірдеңені бас салып, этика дегеннің бәрін ұмытып, асап алғың келетін кездер болып тұрады. Әрине, кей тағамдарды, мысалы, пиццаны қолмен жеуге болса да, дастарқан басында, тағамдардың көбін арнайы аспаптармен қабылдауға тура келеді. Адамзат мұндай әдетке қашаннан бері дағдыланған?

Құстардың ғылымға сай азығы

Көп ұзамай құстар үшін ең ауыр жыл мезгілі қыс келеді. Дәл осы қыста құстар біздің қамқорлығымызға ерекше зәру. Көктем келе әсем дауыстарымен және тартымды келбеттерімен көңілімізді қайта жадыратулары үшін қанатты достарымызға ауыр кезеңнен өтуге көмектесуіміз қажет. Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығымен бірге құстарға зиянымызды тигізіп алмай, тек пайда келтіру үшін астауға не салуға болатынын әңгімелейміз.

Овертон терезесі туралы шындық

Соңғы он жылда ғаламторда қандай да бір адамгершілікке қарсы технология туралы жазба жиі кездеседі. Оған сүйенсек, кез келген ақылға сыймайтын идеяны небәрі бес қадам арқылы қалыпты жағдайға айналдыруға болады-мыс. Манипуляторлар мен қастандық ойлаушылардың арқасында Овертон терезесі концепциясы дәл осындай жағдайға тап болды. Зерттеушінің идеялары қалайша мұншалықты күмәнді күйге түсті?

Бюджетті күтпеген шығындардан сақтаймыз

Сақтандыру деген не? Бұл қаржылық қызметтің қажеті не, одан қандай пайда болуы мүмкін? Мысалы, сақтандыру полисі кинода қауіпті трюктерді орындайтын каскадёрлерде болады, кей әншілер өз дауыстарын сақтандырады, туристер сақтандыруды сатып алады, сондай-ақ барлық автомобиль иелерінде сақтандыру болады. Ата-аналар өз баласы үшін «балаларға арналған» сақтандыруды да қарастыра алады. Тіпті, коронавирустан сақтандыру полисі де бар. Жалпы сақтандырудың қажеті не, талқылайық.

Отбасы ит асырай ала ма?

Шындықтарыңызды айтыңыздаршы, бір рет болсын ата-аналарыңыздан ит асырайық деп өтінген кездеріңіз болды ма? Әрі оны өзіңіз серуенге алып шығып, өзіңіз күтіп-қараймын деп сөз берген боларсыз? Біз сіздің әрдайым өз сөзіңізде тұратыныңызға сенеміз. Дегенмен, сіздер иттің адамның досы ғана емес, сондай-ақ ата-аналарыңыз бен сіздерге әжептәуір шығын әкелетін қаржылық жүк екенін білесіздер ме? Күмәніңіз бар ма? Ендеше, біз дайындаған дәлелдерге назар аударыңыздар!