OYLA: Маусым 2021

6[70]

ЖУРНАЛДЫ САТЫП АЛУ

Биден спортқа дейін

Ежелгі аңыз бойынша, екі мың жылдан астам уақыт бұрын құдайлар Такэмикадзути мен Такэминаката Жапон архипелагын иелену құқы үшін қоян-қолтық күреске шыққан көрінеді. Бұл шайқаста қарсыласын қолынан ұстап алып, оны «қамыс құрлы көрмей» сындырып жіберген жайын және қылыш құдайы Такэмикадзути жеңімпаз атанады. Ол Ямато елінің басшысы және жапон императорлары әулетінің ру басына айналады. Сумо шайқасының арқасында Жапония пайда болады.

Ұзақ жасайтын жануарлар

Қарапайым зертхана тышқаны шамамен екі жыл өмір сүреді, ал гренланд акуласы төрт жүз жылға дейін өмір сүреді деседі! Неге кей түрлер бірнеше жыл ғана өмір сүрсе, енді біреулері ғасырлар бойы жасайды? Біздер өзімізге мүлде ұқсамайтын ұзақ жасағыш омыртқалылар тәжірибесіне сүйене аламыз ба?

Жасанды аралдар

Сіздер миллиондаған адамдардың бір кездері теңіз түбі болған жерлерде өмір сүріп, оқып және жұмыс істейтіндерін білесіздер ме? Сонда, адамдарға су орнына құрлық жасау не үшін керек болды және олар мұны қалай іске асырды?

Балаларға арналған қаржылық сауат

Балаға ерте жастан-ақ ақшаны дұрыс ұстаудың жолдарын, оның қайдан алынатынын және қалай дұрыс жұмсау керектігін түсіндіре отырып үйрету қажет. Мұндайда оған бірінші кезекте ата-анасы көрнекі мысал болады. Кез келген бала ақша жайлы не білуі керек? Бүгін осы сұрақты бірге талқылап көрейік.