OYLA: Желтоқсан 2020

12[64]

ЖУРНАЛДЫ САТЫП АЛУ

Соңғы сәнге сай дене

Біздің бұлшық еттеріміз ауыр салмақты көтере алмайды, көзіміз қараңғыда көрмейді, ал санамыз ойдың тазалығын ұзақ сақтап, шексіз зейін қоя алмайды. Біз тез қартаямыз. Организм тозып, өледі. Осы қалыпты шектеу­лердің бәрін жеңіп, адамның табиғатын қалай жақсартуға болады? Қандай технологиялар көмекке келеді? Жалпы, мұндай апгрейд адамдарға қажет пе?

Жаңа заманның сөздері

Сөздің туындауы — қай уақытта болмасын үлкен мереке. Әсіресе, өткен ғасыр мен осы ғасыр неологизмдерге бай, себебі қаншама қызық дүние­лер пайда болды! Машиналар, ұшақтар, компьютерлер, роботтар — біз үнемі тың нәрселерді ойлап тауып жатамыз, ал олардың бәріне атау керек. Дегенмен, кей сөздердің пайда болу уақыты сіздерді таңқалдырары сөзсіз, ал кей сөздер әлі күнге дейін басқа тілдерге аударылмаған...

ХҒС-қа үш сағатта

ХҒС орбитада Жер бетінен небәрі 400 км қашықтықта орналасқан. Мұндай аралықты автомобиль жанармай құюға және тіпті жолай бір шыны кофе ішуге кеткен уақытты қоса есептегенде, бес сағат ішінде жүріп өтеді. Ал станцияға қарай секундына бірнеше километр жылдамдықпен ұшатын ғарышкерлер тағайындалған нысанаға көбінесе бір тәуліктен аса уақытта жетеді. Неге бұлай? Ғарыш кемелеріне не кедергі болады және ұшу процесін жылдамдату мүмкін бе?

Тіршілік атаулының есімі

Тынымсыз еңбектеніп, барлық жануарлар мен өсімдіктерге ғылыми атау беру — оңай жұмыс емес! Организмдерді жіктеудің бірыңғай жүйесін құрған швециялық биолог Карл Линнейдің өмірі қызықты болғаны айқын: ол өсімдіктердің де «ұлдары» менен «қыздары» болатынын айтып, әлемді таң қалдырды, гүлсағатын ойлап тапты, сужыланмен айқасты, бананды өсіріп шығарды және Лапландияға жалғыз сапар шекті!

АИТВ үкім емес

Бұл Батыс Африкада болған еді. Аңшы маймылды аңдып, қолға түсіреді, енді жерге түскен аңды соя бастайды. Терісін сыпыра бергенде жараланып қалады. Бұл кезде аңшы олжасының бойында аса қауіпті вирус бар екендігін, ол алдымен, маймылдан аңшыға «секіріп», одан соң адамзатқа тарайтынын қайдан білсін?!