OYLA: Сәуір 2020

4[56]

ЖУРНАЛДЫ САТЫП АЛУ

Исаак ньютон: карантинде немен айналысамыз?

Коронавирус ғаламшарымызды кезіп жүр! Оқушылар жоспардан тыс демалыс алды, ал ДДСҰ қажет болмаса үйден шықпауға кеңес береді. Дегенмен, біз мұндай жағдайға тап болған алғашқы буын емеспіз: XVII ғасырда Англиядағы оба карантині бірнеше жылға созылған болатын. Жас Исаак Ньютон осы уақыт бойы үйде отырды, ал оның қолында тіпті Нетфликс те жоқ еді! Әйтсе де, ол өзіне ермек таба білді…

Сені ғарыштан көріп тұрмын: Спутниктер бізді аңдиды ма?

Сонау жақта, өте биіктегі орбитада, көзге көрінбейтін спутниктер бізді бақылап отыр. Мұндай бәрін көретін көзден қашып құтылу мүмкін емес: әне, жоғары сынып оқушылары шылым шегіп тұр, ал досымыз болса сабақтан қашып барады. Сондай-ақ олардың көмегімен автомобильдердің нөмірін көріп, тіпті, тікелей орбитадан газет оқуға да болады деп жатады! Шындығында қалай? Сол жағына тоқталайық.

Жарқанаттар мен қорқынышты вирустар

Коронавирус пандемиясы аяқ астынан орын алды. Жаңа вирус жоқтан шыға келгендей әсер етті. Басында оның қайнары ретінде жыландарды, кейіннен кесіртке тәрізділерді кінәлады, ақыры ғалымдар коронавирус — бір кездері Эбола безгегі және атипиялық пневмония секілді аурулардың пайда болуына ықпал еткен жарқанаттардың себебінен туындады деген қорытындыға келді. Неге олар біздерге індеттердің бірінен соң бірін «сыйлап» келеді?