OYLA: Наурыз 2020

3[55]

ЖУРНАЛДЫ САТЫП АЛУ

Досың ауырып қалса: қарым-қатынасты қалай сақтаймыз?

Егер досыңыз қатты ауырып қалса, ал сіз оған қалай жолайтыныңызды білмей жүрсеңіз, бұл нұсқаулық — сізге керектің дәл өзі. Ауруға шалдыққан адамның бойында қандай өзгерістер болатынын және онымен қарым-қатынасты қалай құру керектігін сөз қыламыз — талдауымыз сіздердің көңілдеріңізден шығады деп ойлаймыз.

Ғарыш турисі атанамыз

Ғарыштық туризм — әдеттен тыс дүние. Бір жағынан, бәрі ол туралы білетін секілді, екінші жағынан – түсініксіз жағдайлар өте көп. Ғарышқа ұшып баруды қаласаңыз, кімге жүгінген дұрыс? Жер орбитасына барып қайтқылары келетіндердің кезегі қайдан басталады? Мұндай саяхатқа ақша жинау үшін қаншадан қалдырып отыру керек?

Дарвин сыйлығы: генофондымызды құтқарып қалған қаһармандар

Ерекше ғылыми жаңалық ашу немесе соғыстың алдын алу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Қалайша адамзатқа пайдалы болуға болады? Егер сіз ақылды әрі зерек болсаңыз, көптеген істермен қатар, осы қасиеттеріңізді ұрпақтарыңызға беру мақсатында көп балалы бола аласыз. Дегенмен, ақыл-парасаты аса керемет емес адамдар да генофондқа қызмет ете алады – бастысы, одан алшақ жүрсе болғаны.