21 ноября 2017 г. | Автор: Максим Казарновский
Жасанды вирустармен қалай емдеуге болады?

Вирустар — бір қарағанда, жәбірсіз көрінетін сүйелден бастап, Эбола безгегіне дейінгі түрлі ауруларды шақырады. Адамзаттың алдағы уақытта құрып кету мүмкіндігін де осылармен байланыстыратындары тегін емес. Әйтсе де, вирустардың қауіпті қасиеттерін бірегей дәрілерді дайындау кезінде де пайдаланады.

Вирус дегеніміз не?

Вируспен қалай емдеуге болатынын түсіну үшін, алдымен олардың өзге тіршілік формаларынан несімен ерекшеленетінін айқындап алған жөн. Біз биологиядан жануарлар мен өсімдіктердің жасушалардан құралатынын білеміз. Тірі жасушалардың ерекшелігі — зат алмасудың болуында. Яғни, жасушалар өз органеллаларына құрылыс материалын жинақтап, энергия бөлу үшін үнемі сыртқы ортадан атомдар мен молекулаларды алып, олармен химялық реакциялар жүргізіп отырады деген сөз. Ақуыздар — шағын аминқышқылы-молекулаларының ұзын тізбегі — жасушадағы өз міндеттерін атқарады. Олардың құрылысы туралы ақпарат генде сақталады, ол адамның ядросында орналасқан. Ақуыздардың аминқышқылының тізбегінен құралатыны секілді, гендер де нуклеотидтер тізбегінен тұрады, ал олар бірлесіп келіп үлкен молекула — ДНҚ-ны құрайды. Біздің ағзамыздағы гендер — компьютердегі қатты диск секілді. Онда қандай ақуыздардың қалай құрылғаны, сондай-ақ олардың қайсысын қай уақытта жинақтау керектігі жазылған. Бұлшық ет жасушалары бір ақуыздарды, жүйке жасушалары — келесілерін жинақтайды, сәйкесінше қозғалтқыш және химиялық жұмыстар да түрліше атқарылады.

Вирустар құрылысы жағынан біздің жасушаларымызға мүлде ұқсамайды. Мысалы, оларда зат алмасу жоқтың қасы. Биологтардың пікірінше, сыртқы ортада жүретін вирустар «өлі», яғни ортадан заттарды сіңірмейді, энергияны алмайды және шығармайды, қозғалмайды, жай ғана ағынмен жылжи береді. Оның үстіне вирустар өте кішкентай, тіпті, ең ұсақ деген бактерияның өзінен кіші.

ПОДПИШИСЬ, ЧТОБЫ УВИДЕТЬ ПОЛНУЮ ВЕРСИЮ!