8 декабря 2017 г. | Автор: Гамзат Бияров
Суықта қалай мұздамауға болады?

Қатты жел, аяз, жаңбыр мен қар, осының бәрі жағымсыз тұмаулы ауруларға себеп болып, сондай-ақ жалпы терінің желге тотығуына алып келуі мүмкін. Егер сіз аязды күні далада ұзақ жүруге мәжбүр болсаңыз, өз ағзаңызды дұрыс қорғап, қалай жылдам жылынуға болатынын білу арқылы бұл келеңсіздіктердің алдын аласыз.

Тоңып қалмау үшін, мына кеңестерді орындаңыз: 

Дымқыл киіммен суыққа шықпаңыздар. 


Сондай-ақ мұздап қалған саусақтарыңызды үрлеудің қажеті жоқ, себебі осы арқылы оны су буымен ылғалдандырасыздар да, кейін қайта жылыту керек болады. Әр дененің жылу сыйымдылығы да әртүрлі болады: қатты аязда металл мен ағаштың температурасын салыстырыңдар. Егер денеңізді сыйымдылығы жоғары затқа тигізер болсаңыз, оны жылыту үшін өз бойыңыздағы жылуыңызды жоғалтасыз. Бұл қағида суға да тән.

Суықта ауызбен емес, мұрынмен демалу қажет. 


Сонда ауа мұрын арқылы, яғни мұрынның қосалқы қуысы арқылы өтіп, өкпеге жылы қалыпта жетеді.

Суыққа шығар алдында дәретханға барып алыңыз. 


Біздің ағзамыз суыққа шыққан кезде, бойды жылытуға кететін шығынды азайту мақсатында, дененің салмағын азайтуға тырысады. Мұны жүзеге асырудың ең жылдам жолы – ағзадан артық суды шығару.

Суықта құлақшын кию қажет. 


Жылудың шашамен 30%-ын біз басымыз арқылы жоғалтамыз. Сондықтан да барынша құлақты жауып тұратын малақай кию керек. Құлақтарымыз жоғары жақта үлкен аймақты алып жатыр, сол себепті жылдам суиды. Дұрысы, жүннен емес, флистен жасалған малақай кию қажет. Бұл синтетикалық материал ең жоғары жылу өткізбейтін қасиетке ие.

Далаға шығар алдында калориясы жоғары тағаммен жақсылап тамақтанып алу қажет. 


Біздің ағзамызды көлікпен салыстыруға болады, ол химиялық реакциялардың арқасында жанармайды (тағамды) жылылық немес кинетикалық энергияға айналдырады. Сәйкесінше, энегрияны сақтау заңына орай, тұтынатын тағамның қуаттылығы, шығарылатын жылудан кем болмауы тиіс.

Денеңізде ашық жер қалмайтындай киініңіз.


Термодинамиканың екінші заңына сәйкес, жылу дененің барынша қызған жерінен, аз жылыған бөлігіне қарай өтеді. Біздің жағдайымызда қатты қызған дене — біз боламыз, төмен қызғаны — айналамыздағы атмосфера. Ал денеміз бен атмосфераның арасында бөгет болатын киім бар, сондықтан да дененің суық атмосферамен жанасатын бөлігін азайтуға тырысу керек.

Тек қана басымызды емес, аяғымызды да жылы ұстау керек. 


Суық мезгілде аяқ-қолдарымыздың бас жағындағы қан айналымы азайып, қатты тоңады. Аяқ туралы айтқан кезде, термосты мысалға алуға болады. Егер оған салқын су құятын болсаңыз, ол суық қалыпта, ал жылы су құйсаңыз, жылы қалыпта қалады. Сол сияқты, далаға шығар алдында аяқ киіміңізді бірнеше минутқа радиатордың қасына қойып қойыңыз. Бұл суық күндері өзіңізді ұзағырақ жақсы сезінуге көмектеседі.