ПОДПИСКА НА ВЕБ-САЙТ. ПРЕИМУЩЕСТВА:
Доступ к эксклюзивным статьям на сайте
Приглашение на образовательные лекции и мастер-классы
Возможность просматривать на всех мобильных устройствах и планшетах
Отличная цена: всего 200 тг в месяц!
Жаңа жылды немесе 9 мамыр мерекесін көрнекті отшашулар мен салюттерсіз елестету мүмкін емес. Мереке қарсаңында барлығымыз түрлі-түсті оқдәрімен оқталған қағаз «зеңбіректерді» көптеп сатып алып, осы бір балалық шақтың жарқын мерекесін қарсы алушылардың қатарына қосылуға асығамыз. Отшашу снаряды атылған кезде пайда болатын таң қалтырар суреттер, қиялымызды көкке өрлетіп, Әлемнің сол бір жерінің, жұлдызы мен жарылысы жарасқан ғарыштың қаншалықты керемет екенін көрсетеді. Ең бастысы, бұл ғажайып адам қолымен жасалған.
Отшашулардың шығу тарихы қандай? Оларды кім ойлап тапты? Олар қалай жұмыс істейді? Осы және өзге де сұрақтарға осы мақалада жауап беруге тырысамыз.
Фейерверк (отшашу) сөзінің түп тамыры неміс тілінен алынған “das Feuer” – «от», ”das Werk” – «әрекет», яғни «отты әрекет». Алайда, оларды ойлап тапқан немістер емес.
Көптеген адамдар үшін от ерекше құрметке ие: Көне гректер мен римдықтар отты өз мерекелерінде қолданса, ал азия халықтары оның көмегімен жын-перілерді қудалаған. От ұшқындарын ойын-сауыққа пайдалануды ежелгі Қытай ғалымдары ойлап тапқан. Бізге жақсы таныс бүгінгі күнгі отшашулар б.д.д. III ғасырда пайда болған деп есептелінеді. Қытайлықтар бамбукті жаққан кезде оның бір түрлі шатырлап, от шашатынын байқаған. Осыдан кейін қарабайыр «отшашулар» мерекелер мен үйлену тойларында көңіл көтеру үшін атыла бастайды. Сондай-ақ қытайлықтар отшашуларды пайдалану арқылы жын-шайтандарды қууға болады дегенге сенген. Кейіннен оқдәрілердің пайда болуы отшашуларға жаңа өмір сыйлады. Олар қуатты әрі шулы бола түсті.
Отшашуларды ойлап тапқан қытайлықтар болғанымен, оларды кемеліне жеткізген итальяндықтар еді. Атақты Марко Поло бұл ғажайып өнер туындысын Еуропаға алып келгеннен бастап, итальяндықтар осы уақытқа дейін бейтаныс құбылысқа қызығушылықпен қарап келеді. Итальяндық өнертапқыштар отшашуларға ерекше көрініс сыйлайтын түрлі қоспалар шығара бастады. Ұзақ уақытқа созылған тәжірибелер нәтижесінде, олар кей тұздарды қосу арқылы салюттің жалынын түрлі түстерге бөлеуге болатынын анықтады. Мысалы: калий тұзы – күлгін, натрий тұзы – сары және магний – күміс түс шығарады.
Бүгінде металдардың жалынды бояй алатын қабілеті химиялық сапа анализінде қолданылады. Кеңінен пайдаланылатын атомды-абсорбционды спектроскопия әдісінің негізінде металдардың жарықты тек белгілі бір спектр аумағынан, басқаша айтқанда, нақты бір түстің жалынынан сіңіре алатыны жатыр.
Отшашуға тұз қосу оған жарқындық пен айрықша көрініс сыйлады. Салюттер еуропалықтардың арасында ерекше танымалдылыққа ие бола бастады. Патшалар мен ел билеушілері бір-біріне сыйлық ретінде әдемі отшашулармен қойылымдар көрсетсе, ғалымдар оларды жетілдіру арқылы бір-бірімен жарысқа түсетін болды. Отшашуларды ойлап табу әлемге үлкен серпіліс әкелді деуге келмес, бірақ оны көркейте түскенінде күмән жоқ!
Отшашудағы оқдәрінің рөлі қандай? Алдымен оқдәрінің құрамын анықтап алайық. Бұл массасының 75%-ы калий селитрасынан KNO3, 10%-ы күкірттен S және 15% көмірден С тұратын қатты қоспа. Бұл қоспада көмір отын орнына, селитра тотықтырғаш ретінде қолданылады, ал күкірт көмірдің тотығу үдерісін жылдамдатуға қатысып әрі өзі тотықсыздана отырады (электрондарды қабылдайды). Оны жаққан кезде төмендегі реакция жүзеге асады:
2KNO3 + S + 3C = K2S + 3CO2 + N2
Азот молекуласы байланыс қуаты аса жоғары, сондықтан да ол пайда болғанда өте көп мөлшерде энергия бөлінеді.
Барлық жарылғыш заттар азотты қоспалардан құралатындықтан, оларды жаққан кезде азот молекуласы пайда болады.
Атылатын заттар бастағыш және бризантты болып бөлінеді. Екі топтың құрамында да азот атомы бар, себебі, тотығу кезінде азот атомдары азот молекуласына топтасады да, осының нәтижесінде көп мөлшерде қуат бөлінеді. Бастағыш зат тұрақты емес және сәл ғана ықпал кезінде (қыздыру, соққы) ыдырап кетеді, ал қуаттың бөлінуі одан да көп күшке ие бризантты заттың қышқылдануына алып келеді. Мысалдар:
Бастағыш зат:
3Pb(N3)2 = Pb3N2 + 8N2
Бризантты зат - нитрометан:
4СН 3NO2 + 3O2 = 4CO2 + 2N2 + 6H2O
Осылайша, кенеттен көп мөлшерде қуат бөлінетіндіктен, ату кезінде салюттен қатты дауыс шығады. Бертолет тұзы KClO 3 ашылғалы отшашулар одан сайын қуатты бола түсті. Аталмыш тұз өте мықты тотықтандырғыш болып саналады. Оның кішкентай ғана мөлшерінің өзі оқдәрінің жылдам жану реакциясына ықпал етеді. Заманауи отшашуларға «жұлдызшалар» деп аталатын құрамында аздаған мөлшерде тотықтандырғыш пен білтесі бар пластик шарлар салынады.
Сондай-ақ калий тұзы жалынға күлгін түс береді. Кейде магний және алюминий «жұлдызшаларын» немесе аралас түрлерін пайдалануы да мүмкін. Бұл отшашу кезінде түрлі-түсті әдемі суреттер шығару үшін қолданылады.
Бұл жерде қағида біреу ғана. Бірінші кезекте отын керек: әдетте, ол күкірт немесе көміртегі, тотықтандырғыш (селитра, натрий тұзы, бертолет тұзы) және «жұлдызшалар». Барлығын қажетті шамада араластырып, қатырма қағаздағы зеңбірекке орналастыру керек – бар болғаны осы, отшашу дайын! Бұл, әрине, теория ғана. Шындығына келгенде, отшашуларды өндіру – тұтастай өнер және бұл өте қауіпті. Сондықтан да сіздер үй жағдайында отшашу дайындаудан аулақ болыңыздар. Ал оларды пайдаланғанда қатаң түрде нұсқаулыққа сүйеніңіздер дегіміз келеді. Себебі, отшашуларды дұрыс қолданбау күйікке немесе түрлі зақымдарға алып келуі мүмкін. Дұрысы, ересектерсіз отшашуларды ұшырмаңыздар. Мерекелеріңіз қызықты өтсін!
ПОДПИСКА НА ВЕБ-САЙТ. ПРЕИМУЩЕСТВА:
Доступ к эксклюзивным статьям на сайте
Приглашение на образовательные лекции и мастер-классы
Возможность просматривать на всех мобильных устройствах и планшетах
Отличная цена: всего 200 тг в месяц!
ПОДПИСКА НА ПЕЧАТНОЕ ИЗДАНИЕ. ПРЕИМУЩЕСТВА:
Самое интересное в научных дисциплинах и технологиях простым языком
Высокое качество печати
Выходит 12 раз в год
Бесплатная доставка до двери по всему Казахстану
Доступ к архиву и новым номерам