ПОДПИСКА НА ВЕБ-САЙТ. ПРЕИМУЩЕСТВА:
Доступ к эксклюзивным статьям на сайте
Приглашение на образовательные лекции и мастер-классы
Возможность просматривать на всех мобильных устройствах и планшетах
Отличная цена: всего 200 тг в месяц!
Өте көп! Оларды жай ғана атап шығудың өзіне бір мақала аздық етеді. Солардың ішінен ең қызықтыларына тоқталып өтейік.
Австралияның ірі қаласы — Сиднейдегі — атақты опера театрының құрылысын 1963 жылы аяқтау керек болатын, алайда тек 10 жылдан кейін — 1973 жылы тұрғызды. Американдық Бостондағы орталық магистралды мерзімінен жеті жыл кешіктіріп барып аяқтады. Және мұндай мысалдар толып жатыр. Сенің парталас көршің немесе сенің өзің қанша тырыссаң да үй тапсырмасын уақытында істеп үлгере алмайтын боларсың.
Мёрфи заңдарының бірінде «Кез келген жұмыс сен ойлағаннан да көп уақытты талап етеді»,– делінген. Бұл заңның астарында әзілге құрылған философиялық қағида жатыр. Алайда, ғалымдар мұның ешқандай да қалжың емес екенін дәлелдеді. Көптеген адамдар, шын мәнінде, жұмыс істеуге кететін уақыт пен ресурсты бағаламайды. Тіпті, олар бұған дейін «ащы тәжірибені» бастан өткеріп, мұндай тапсырманы орындау үшін көбірек уақыттың жұмсалғанын білген де болар. «Жоспарлау қателігі» деген атауға ие мұндай бұрмалауға бірнеше түсініктеме беруге болады: көпшілік өз қалауын шындық деп қабылдайды, немесе өткен тәжірибенің сәтсіздігін (жұмысты уақытында аяқтай алмай қалғанын) өзінің емес, сыртқы әсерлердің ықпалына жатқызады, не болмаса сол жұмысқа кеткен уақытты есіне сақтап қалмайды және тағы басқа.
Ойлаудың мұндай қателігімен біз күн сайын бетпе-бет келеміз: мұғалім оқушылар ештеме ұқпаса да, өзінің қарапайым тілмен түсінікті жеткізіп тұрғанына сенімді, теледидарға сұхбат берген ғалым басқаларға да түсінікті деген оймен ғылыми терминдерді төпелетеді, дәрігер рецепт жазған уақытта, біз оны оп-оңай оқып алады деген сеніммен, шимақтап жаза салады. Негізі, бұл адамдар бізге жамандық ойламайды — олар бар болғаны «білімнің қарғысына» ұшырап қалған жандар. Оған сәйкес, қандай да бір тақырыпты терең меңгерген адамдар үшін өздерін бұл жайында ештеме білмейтін басқалардың орнына қою аса қиынға соғады. Оларға өздерінің бастарына әбден «сіңіріп» алған білім кедергі келтіреді және олар басқалар оны білмеуі мүмкін дегенді ойламайды да. Осыдан барып пәнді үстірт түсіндіру орын алады, себебі мұғалім бейсана түрде оқушылар онсыз да барлығын жақсы біліп отырғандарына сенімді, олай болса — тақырыпты жіті түсіндіріп жатудың керегі не.
«Айқындық сағымы» деп аталатын когнитивті бұрмалауға тап болған кезде, сен дәл осы сөзді естіген боларсың (немесе өзің айттың). Айтпақшы, бұл ойлау қателігі жоғарыда сөз болған «білім қарғысына» ұшырағандарға қосылғанды «жақсы көреді». Әңгіме құрып отырғандардың екеуі де бірін-бірі түсініп отырғандарына сенімді, нәтижесінде мүле олай емес болып шығады. Мұны ғалымдардың зерттеуі де растайды: көп жағдайда адамдар басқаларды жақсы түсінетініне сенімді, олар да бұның ойын ұқтым деп ойлайды. Алайда, сөйлесіп отырған екі адамның бірін-бірі түсінбегені былай тұрсын, өзара мүлде қарама-қайшы пікірді ортаға салып отырған жағдайлары да жиі кездеседі. Мұндай жағдайдың себебі – өз ойың мен күйзелісіңнің шырғалаңынан шыға алмау: адам айналасындағылар барлығын ұмытып, күні бойы тек ол туралы және оның мәселелері жайлы ойлап жүре алмайтынын ұмытады.
Бар шаруаны (оның ішінде маңыздылары да бар) кейінге қалдырып, бұны жалқаулықтың салдары деп ойлайсың ба? Мәселе одан да күрделірек. Адамды жалқаулық қысқан кезде, ол ештеме істегісі келмейді және оған байланысты басын да қатырмайды. Прокрастинация, қарапайым тілмен айтқанда — «ертеңге қалдыру», «кешіктіру», «баяулату», «кейіндету». Мәселенің төркіні — адам маңызды шаруаны тындыруы тиіс екенін жақсы түсінеді (мысалы, емтиханға дайындық), алайда телефонмен әңгіме-дүкен құру немесе әлеуметтік желіде отыру деген сияқты тұрмыстағы ұсақ-түйекке айналуда жатыр. Әрі ол өзінің мұндай әрекетіне үнемі қандай да бір сылтауларды табады: әлі үлгеремін, емтихан қиын емес, мұғалім қатал емес және т.б. Таныдың ба? Мүмкін өзіңді болмаса да жақын адамдарыңды көрген боларсың? Себебі, прокрастинация адамдардың көбіне тән және қалыпты жағдай болып саналады. Ол сабақтан екі алғанда немесе жұмыстан шығарып жібергенде барып мәселеге айналады.
Негізі, жұмыс істейді… Жо-жоқ, «тағдырыңды болжау» тұрғысында емес, адамдардың осы болжамдарды қабылдауы тұрғысынан. Адамдар тек қана өздеріне арнап шығарылған деп сенетін жекелеме мінездемелердің нақтылығын барынша жоғары бағалауға бейім. Астрологиялық жұлдызнамалар дәл осындай «сипаттарды» ұсынады. Оларды оқып отырған басым көпшілік бұл сипаттамалардың жалпы екенін және екінің біріне жарай беруі мүмкін екенін ойлана бермейді.
Қабылдаудың мұндай қателігі — өзінің психологиялық манипуляциясы арқылы танымал, американдық шоумен Финеас Барнумнің құреміне «Барнум әсері» деген атауға ие болған. Әсер адамның өзіне қызығушылық танытса екен, осылайша оның бірегейлігін растаса екен деген табиғи тілегінен туындаған. Сонымен қатар мұндай мінездемелердің бағасымен келісуді де қосуға болады, әдетте, олардың барлығы адамға тек жағымды сипаттама береді. Сондай-ақ беделді адамға, мысалы, танымал астрологқа бас ию де үлкен рөл атқарады.
Сен суға батып бара жатқан адамдардың өмірін аман алып қалған құтқарушы-дельфиндер туралы естіген боларсың. Сондай-ақ дельфиндер аса мейірімді және сезімтал жануарлар ғана емес, сонымен қатар адал достар делінеді. Көп жағдайда шындығында солай. Дегенмен, мұны тексеріп көру мүмкін емес, себебі дельфиндермен кездесу барысында қандай да бір түсінікті себептерге байланысты көз жұмғандар туралы деректер жоқ. Сондықтан да адамдар бұған мән берместен, егер жақын маңда дельфин жүрсе, ол міндетті түрде батып бара жатқан адамға көмектеседі деп есептейді. Мұндай когнитивті бұрмалау «аман қалғанның жүйелі қателігі» деп аталады. Онымен бұрын бәрі жақсы болған еді деп есептейтіндер жиі ұшырасады: құрылыстар берік болатын (олар уақыт өте келе әлсіз құрылыстардың барлығын құлатылып, тек шын мәнінде сенімділері ғана қалғандарын ұмытады), сондай-ақ тек классикалық шығармалар жазылатын (әрине, нашар әдебиет бұрынғы кезде де болған, алайда, бүгінгі таңда ол туралы ешкім сөз қозғамайды, сондықтан да өткен жылдардың жазушылары тек қана мағынасы терең бірегей туындыларды ғана жазғандай болып көрінеді).
Мысалы, көріпкелге сенетін адамды ойынан тайдыруға тырысып көрген кезің болды ма? Жоқ па? Дұрыс, себебі бұл босқа уақыт өткізгенмен тең. Олардың көпшілігі қаншалықты ақылға қонымды болса да, дәлелдерге құлақ та түрмейді. Ал айналасындағы өмірден өзінің сенімін растайтын дәлелдерді үнемі тауып алады. Олар, әрине, өздерінің «іріктемелі қабылдауға» (немесе растау әсеріне), яғни қоршаған әлемнің тек өз сенімін ақтайтын оқиғаларына мән беру (көріпкелдерге сену), ал ол сенімдеріне сай келмейтіндерді көзіне де ілмеу (көріпкелдердің бар екенін жоққа шығаратын фактілер) жағдайына ұшырағандарын мойындағылары келмейді. Нәтижесінде: мұндай адам саған көріпкелдердің «ерекше күшке» ие екенін ауызы көпіргенше дәлелдеп, өз «мысалдарын» алға тартып, ал сенің аргументтеріңді мүлде жоққа шығарады.
ПОДПИСКА НА ВЕБ-САЙТ. ПРЕИМУЩЕСТВА:
Доступ к эксклюзивным статьям на сайте
Приглашение на образовательные лекции и мастер-классы
Возможность просматривать на всех мобильных устройствах и планшетах
Отличная цена: всего 200 тг в месяц!
ПОДПИСКА НА ПЕЧАТНОЕ ИЗДАНИЕ. ПРЕИМУЩЕСТВА:
Самое интересное в научных дисциплинах и технологиях простым языком
Высокое качество печати
Выходит 12 раз в год
Бесплатная доставка до двери по всему Казахстану
Доступ к архиву и новым номерам