ПОДПИСКА НА ВЕБ-САЙТ. ПРЕИМУЩЕСТВА:
Доступ к эксклюзивным статьям на сайте
Приглашение на образовательные лекции и мастер-классы
Возможность просматривать на всех мобильных устройствах и планшетах
Отличная цена: всего 200 тг в месяц!
Жозеф Нисефор Ньепстiң «Ле Гра терезе алдындағы көрініс» гелиогравюрасы
Суретшілер обскураны біздің дәуірімізге дейін-ақ пайдаланған
1888
The Kodak
Eastman Dry Plate Company фирмасы 100 кадрлы пленкасы бар Kodak фотоаппаратын 1888 жылы шығарды. Дәл сол жылы фирманың негізін қалаушысы Джорж Истмен Kodak сауда таңбасын тіркеп, 1892 жылы компания атауын Eastman Kodak Co. етіп өзгертті.
1900
Raisecamera
«Жол камералары» студиялардан тыс түсіре алатын алғашқы фотоаппараттар болды. Осының арқасында, біз фотоөнердің жаңа бетін аштық.
1925
35 mm Leica пленкалық камерасы
Leica (Германия) компаниясының алғашқы жаппай шағынформатты фотоаппараттарының пайда болуы.
1929
Rolleiflex
Rollei (Германия) компаниясының атақты Rolleiflex фотоаппаратының шығуы. Мінсіз сапасының, ыңғайлылығы мен көптеген аксессуарларды пайдалану мүмкіндігінің арқасында, камераның танымалдылығы кеңінен тарады.
1947
Graflex Pacemaker Crown Graphic
Graflex Pacemaker Crown Graphic. Graflex (АҚШ) компаниясының фотоаппараты американдық БАҚ үшін классикалық пресс-камераға айналды.
1954
Leica M3
Металл корпус, объективті ауыстыру мүмкіндігі, жаңа бейне іздеуіш және құраманың мінсіз сапасы бұл камераның беделін арттыра түскені сондай, тіпті, оны сатып алу үшін адамдар кезекке тұратын болды. Осыған ұқсас камера кубалық революционер Эрнесто Че Геварда болған.
1986
«Сабын сауыттар» деуірі
Икемделуі аз бюджетті камера миллиондаған жанұялардың үйдегі салтанаттары мен саяхаттарына таптырмайтын атрибутқа айналды. Шағын көлем, пластмасс корпустың дөңгеленіп бітуі және алға қарай шығып тұратын объективтің жоқтығы камераны сабын сауытына ұқсатады. Болашақта осыған ұқсас, алайда сандық камералар дәл осындай табысқа қол жеткізеді.
2000
Samsung SCH-V200
Samsung (Оңтүстік Корея) компаниясының алғашқы фотокамерасы бар телефоны. Бүгінгі күнмен салыстырғанда, оның сипаттамалы қарапайым: 20 фотосурет сиятын жады мен 0,35 мегапиксель ажыратымдылық. Бірақ бұл жаңа дәуірдің бастамасы болды, себебі 2017 жылға қарай телефон камераларына жасалған суреттердің саны 1,2 триллионға жетті.
2003
Canon EOS 300D
Жаппай сандық тасымалдаушыларды енгізу фото индустрияны да айналып өтпеді. Дегенмен, бағасының тым қымбат болуы тұтынушыларға сандық айналы камераны сатып алуға кедергі болды. Символикалық тосқауылды алғашқы болып 1000 долларға «бұзып өткен» камера Canon (Жапония) ұсынған EOS 300D болды.
2004
GoPro
Кең бұрышты, қолайлы, соққыға төзімді және жеңіл камера оқиғаларға бірінші жақтан көз салуға мүмкіндік берді. Экстремалды спорт түрлері танымалдылығының артуын, дәл осы экшн-камералардың пайда болуымен байланыстырады.
1835 жыл. Луи Дагер бірнеше жылдар бойы Ньепспен бірге бейнені пластинада белгілеу тәсілін ойлап табу жолында жұмыс атқарады. Оның негізі жарықтың әсерінен түсін өзгертетін йодты күміс болып табылады. Дегенмен, өзгеріс аса үлкен емес. Әйтсе де, қайнаған тұз немесе натрий гипосульфаты (Na2S2O3) секілді ыстық ерітіндінің әсерінен кейін, пластинадан «суретке түсірілген» нысанның кескінін байқауға болатын.
Алайда, көрініс тым көмескі еді. Сондықтан да бейненің айқындылығы мен ұзақ уақыт сақталуын арттыратын қуатты айқындауыш талап етілді. Дагер өз зертханасында қаншама жылдар бойы ойындағы реактивке қол жеткізермін деген үмітпен, жаңа заттардың барлығын қолданып көрді. Бірде ол таңертең фотопластиналар салынған шкафты ашты да, біреуінен бейненің байқалатынын көрді! Бұл зерттеуші үшін нағыз жаңалық еді, алайда енді шкафтың ішіндегі жүз реактивтің қайсысы сол ғажайып «айқындауышқа» ие екенін анықтау керек болды. Сөйтсе, сынап булары пластинканың сәуленің әсері тиген материалына ықпал етіп, бейненің пайда болуына алып келген екен. Міне, фотография дәл осылай жарыққа шықты. Алайда, технологияны толыққанды дәрежеге жеткізу үшін зерттеушіге әлі 4 жыл керек болды. Тек 1939 жылы ғана обскура-камерасында бейнені шығарудың тәсілі пайда болады. Оны құрылғының негізін қалаған ғалымның құрметіне дагерротипия деп атады. Бұл технолгияның күрделі химиясы мынадай: әуелі күмістелген мыс пластинаны йод буында ұстайды (міндетті түрде қараңғыда!) — йодты күмістің (AgI) жарыққа сезімтал қабаты осылай пайда болады. Бұдан кейін пластинаны 20–30 минут бойы обскура-камерасында сәулелендіреді. Осы уақытта AgI жарықтың әсерінен ыдырайды да, йод ұшып кетіп, пластинада жасырын бейне пайда болады. Дагер оны сұр амальгама тудыра отырып, күмісті тамаша ерітетін, 50–60°С-ге дейін қыздырылған (өте-мөте зиянды процесс!) сынаппен айқындады. Келесі қадам — суретті ұзақ уақыт сақталуы үшін, жоғарыда аталған қайнатылған тұзбен бекіту, міне пластинадағы дагерротип дайын. Енді бейнеге өзіне тән қызыл-қоңыр түс беріп, әрі ұзақ уақыт бойы ыдырап кетуден қорғау үшін алтын хлоридімен қаптау қалды. Дагерротиптердің ең басты кемшілігі оларды көшірудің мүмкін еместігінде еді — барлық бейне, түптеп келгенде, қайталанбайтын, жалғыз болып қала берді. Қиын әрі әуресі көп процесс дейсің бе? Қалай болғанда да, адамзат баласына фотографияның шексіз әрі тылсым әлемін ашқан дәл осы дагерротипия болатын.
Дагеротипия әдісімен жасалған фотосурет, 1854 жыл
Пластинадағы хлорланған күміспен қапталған түрлі-түсті спектордағы бейнені алғаш рет 1849 жылы Франциялық физик (болашақта тұңғыш рет радиоактивтілікті ашып, Нобель сыйлығының лауреаты атанатын Антуан Анри Беккерельдің әкесі) Александр Беккерель алды. Алайда, бұл суретті фотография деуге келмейтін еді, ал енді тарихтағы алғашқы түрлі-түсті кескін 1861 жылы атақты британ физигі Джеймс Максвелл алған «Тартанды бау» болды. Нақтырақ айтқанда, фотография күрделі монтаждың жемісі болып шықты. Себебі нысанды түрлі жарық сүзгісімен (жасыл, қызыл, көк) үш рет түсіру арқылы алынған. Бұдан кейін Максвелл алынған негативті дәл осындай сүзгілер арқылы жарықтандырып, баудың толыққанды кескініне ие болды. Айтпақшы, суретке түсіру үшін Максвелл классикалық обскура-камерасын емес, өз заманы үшін әжептәуір жаңа Томас Сеттонның конструкциясымен құрылған бір объективті айналы камераны пайдаланды. Айна тура объективтің артында, оптикалық білдекті 450 бұрыштап орнласқан, бұл фотографқа нысанды бақылауға мүмкіндік берді. Суретке түсірер алдында айна алынып тасталады да, фотосезгіш пластинаны фотоға түсірілетін нысанамен бетпе-бет қалдырады.
Kodak шағын фотокамерасы
Әр қадам басқан сайын фотоиндустрияның қуаты артып, әлемге кеңінен тарай бастады. Желатиннің жұқа қабатында бромды күмістің (AgBr) ұсақ кристаллды жүзгінін пайдалану маңызды жетістікке айналды. Бұл фотосезгіш реактивке шөгіндіге түспей, желатиннің бойында тегіс таралуға мүмкіндік берді. Мұндай фотоэмульсиямен қағазды, целлулоид пленканы және әйнекті жабуға болатын. Ең бастысы — фотограф енді суретті бір уақытта түсіріп, айқындауды кейінге қалдыра алатын болды. Фотографиялық аппараттар көп зарядты бола бастады, оларда жарық сезгіштігі өте жоғары бірнеше ондаған кадрларды жасауға болатын пленкалар пайда болды, бұл экспозицияны бар болғаны 1–5 секунд ішінде жүргізуге мүмкіндік берді. Фотоиндустрияның кең көлемде коммерциалануы, 1888 жылы бірнеше ондаған жылдар бойы пленкалар мен фотоаппараттарды шығаруда көшбасшыға айналған бүкіл әлемге танымал американдық KODAK фирмасының қалыптасуынан басталды. Дәл осы жылы жаңа ғана негізі қаланған фирманың, салыстырмалы түрде аса қымбат емес (25 доллар), бірден 100 суретті түсіруге болатын пленкамен қамтамасыз етілген ыңғайлы фотоаппаратты жарыққа шықты. XIX ғасырдың соңынан бастап фотография ғылымға, мәдениет пен өнерге ерекше ықпал етіп, күнделікті құбылысқа айнала бастайды.
ХХ ғасырда фото жұмысында пленканың дәуірі жүріп тұрған соңғы ондаған жылдарда (1900–1975 жж.) жаңа технологиялар өте көп болды: фотоға түсіретін нысанды жарықтандыру үшін қолданылатын магниді жағудың орнына бір реттік жарқ ететін шамдар пайдаланылды (Osram, 1929 ж.); алғашқы үш қабатты фотопленка (Kodak, 1935 ж.); фотопленкаға түсіретін тұңғыш стереоскоптық Stereo Realist камераларының пайда болуы (1947 ж.); Polaroid компаниясының лезде суретке түсіруі (1948 ж.) және тізе берсең бір мақаладан асып кететін көптеген техникалық жаңалықтар.
1975 жылы Kodak-тық инженерлердің сандық фотокамераны құрау арқылы тағы да әлемді ауыздарына қаратқаны шұғыл өзгеріс болды. Бұл бар болғаны 100×100 пиксель ажыратымдылықпен суретке түсіре алатын, бағасы көкке ұшып тұрған үш килограмдық аппарат болатын. Өзіне ұқсас пленкалы камерадан сандық камераның басты ерекшелігі қандай? «Сандықтың» жүрегі көптеген фотодиодтардан құралып, оптикалық сәулеленуді электр разрядына алмастырумен айналысатын жарық сезгіш матрица болып табылады. Бұл фотопленканың баламасы, алайда матрицаны шығарудың қажеті жоқ, ол жарықтан қорықпайды және бірнеше түсірілімнен кейін ауыстыруды талап етпейді. Қазіргі жоғары класты матрицалар Full Frame (толық формат) деген атауға ие, бұл олардың көлемінің 35‑миллиметрлі фотопленкамен ұқсастығын білдіреді. Алайда, мұндай жоғары технологиялық аппараттар тым қымбат әрі өте үлкен, сондықтан да өндірушілер матрицаның көлемін кесу (crop) арқылы кішірейтуге шешім қабылдайды. Әр сандық фотоаппараттың өзіндік кроп-фактор мәні болады, мысалы, 1,6 деген сан, матрицаның Full Frame-ге қатысты 1,6 есе кішірейтілгенін білдіреді. Бұл бір жағынан арзан, екінші жағын әуесқой түсірушілер үшін де тиімді. Фототехниканы таңдаған кезде пиксельдер саны емес, дәл осы кроп-фактор басты параметрлердің бірі болып саналады. Не себепті смартфондардың, тіпті, жартылай кәсіби фотоаппараттардың деңгейінде фотоға түсіре алмайтынын білесіңдер ме? Себебі, олардың кроп-факторлары өте үлкен — 7–8‑ге дейін. Яғни ірі матрицаны шағын корпусқа сыйғызу мүмкін емес. Әрі мегапикселдерді қайта-қайта өсіру бұл жерде шешім болып табылмайды.
Kodak сандық камерасы – 0,01 мегапиксель
Nikon D750 (2014) сандық камерасы – 25 мегапиксель
ПОДПИСКА НА ВЕБ-САЙТ. ПРЕИМУЩЕСТВА:
Доступ к эксклюзивным статьям на сайте
Приглашение на образовательные лекции и мастер-классы
Возможность просматривать на всех мобильных устройствах и планшетах
Отличная цена: всего 200 тг в месяц!
ПОДПИСКА НА ПЕЧАТНОЕ ИЗДАНИЕ. ПРЕИМУЩЕСТВА:
Самое интересное в научных дисциплинах и технологиях простым языком
Высокое качество печати
Выходит 12 раз в год
Бесплатная доставка до двери по всему Казахстану
Доступ к архиву и новым номерам