ПОДПИСКА НА ВЕБ-САЙТ. ПРЕИМУЩЕСТВА:
Доступ к эксклюзивным статьям на сайте
Приглашение на образовательные лекции и мастер-классы
Возможность просматривать на всех мобильных устройствах и планшетах
Отличная цена: всего 200 тг в месяц!
Біз бақылай алатын аспандағы ғаламшарлардың барлығының өлшемі әртүрлі, олар алуан түрлі элементтерден құралған және Галактиканың әр бұрышында орналасқан. Дегенмен, олардың барлығына тән ортақ ерекшелік бар – ғаламшарлар дөңгелек пішінді. Неге бұлай?
Біздің ғаламда сутегі мен гелийден ауыр материяның барлығы жұлдыздардың қойнауында пайда болған. Уақыт өте келе олардың ішкі күші артуына байланысты, бұл жұлдыздар жарылады да, барлық материя ғарышқа шығады. Осы кезден бастап ғаламшарлар құрыла бастайды. Ғарышқа шашыраған материялардың бөлшектері бір-біріне тартылып, одан да үлкен қосылыстарды түзеді. Және бұл түзіліс неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым басқа бөліктерді өзіне күштірек тартады.
Міне, Ньютонның кеңістіктегі екі заттың бір-біріне тартылыс күшін сипаттайтын формуласын еске түсіретін кез келді:
Енді ірі нысандардың өздеріне кішірек нысандарды тартуын елестетіп, ойша тәжірибе жүргізіп көрелік, әрі мұндайда нысандардың пішіндері алуан түрлі болатынын ескеру қажет.
Нысандардың массалары еш өзгермейтіндіктен, массалар центрлерінің арасындағы қашықтық неғұрлым кішкентай болған сайын, тартылыс күші соғұрлым күштірек болады. Басқаша айтқанда, әрбір жаңа «қосылыс» барынша массалар орталығына жақын жерден орын алуға тырысатын болады. Нәтижесінде бұл жағдай дөңгелек пішіннің пайда болуына алып келеді. Жай ғана ойша тәжірибе жасауды жалғастыра беріңдер, сонда өздерің де көз жеткізесіңдер. Негізі, шындығына келгенде, ғаламшарларға қосымша күштер де (жұлдыздардың айналуы және тартылуы) ықпал етеді және олардың пішінін сәл жалпағырақ қылады. Тек бұл қағидалар дененің салмағы айтарлықтай үлкен болған кезде ғана жұмыс істейді. Сондықтан да метеориттер, астероидтар және тағы басқа шағын аспан денелері шар тәрізді пішінде емес.
ПОДПИСКА НА ВЕБ-САЙТ. ПРЕИМУЩЕСТВА:
Доступ к эксклюзивным статьям на сайте
Приглашение на образовательные лекции и мастер-классы
Возможность просматривать на всех мобильных устройствах и планшетах
Отличная цена: всего 200 тг в месяц!
ПОДПИСКА НА ПЕЧАТНОЕ ИЗДАНИЕ. ПРЕИМУЩЕСТВА:
Самое интересное в научных дисциплинах и технологиях простым языком
Высокое качество печати
Выходит 12 раз в год
Бесплатная доставка до двери по всему Казахстану
Доступ к архиву и новым номерам