ПОДПИСКА НА ВЕБ-САЙТ. ПРЕИМУЩЕСТВА:
Доступ к эксклюзивным статьям на сайте
Приглашение на образовательные лекции и мастер-классы
Возможность просматривать на всех мобильных устройствах и планшетах
Отличная цена: всего 200 тг в месяц!
Сендер ненің үстінде отырсыңдар? Неде ұйықтайсыңдар? Заттарыңды неге сақтайсыңдар? Біздің өміріміз толықтай жиһаздармен байланысты, ал біз оған үйреніп қалғанымыз соншалықты, тіпті, осы үстел, шкаф, төсек пен орындықтар адамзат баласында қай уақыттан бері және қайдан пайда болды екен деп ойламаймыз да. Кей ғалымдар жиһаздың пайда болуын тік жүрудің дамуымен байланыстырады — енді басқа приматтардан жоғары болған екенсің, тамақтану үшін еңкейіп, жерде ұйықтаған ұят болар. Алайда, бұл дұрыс емес, өйткені төсексіз ұйықтау және жерүстел басында тамақтану көптеген халықтардың мәдениетінде ертеден келе жатқан маңызды дәстүр саналады.
Ежелгі Қатайда үстелдер терракоттан (күйдірілген саздан) жасалған. Үстелдің төртбұрышты беткі тақтайы үш аласа аяққа тіреліп тұрған. Табылған үш кипр үстелінің бірі, шамамен б.д.д. 600–400 жылдар.
Сонда оның себебі неде? Отырықшылық. Жиһаздардың ең көне үлгілері алғашқы өркениет дәуіріне жатады, ол уақытта адамдар отырықшы өмірге өтіп, ауылдар мен тұрғын үйлерде тұра бастаған. Оған дейін біздің ата-бабаларымыз қолданған жалғыз зат — қарапайым сөрелер еді. Шкаф емес, үңгірдің қабырғаларына қазылған немесе есік діңгегіне ойылған сөрелер. Отырғыш, үстел, сандық секілді алғашқы жекелеме заттар Ежелгі Египеттегі қазба жұмыстарынан табылған. Бір қызығы, енді ғана пайда болған жиһаз үйдің сәнін кіргізетін бұйым ретінде қолданылған, оларға түрлі өрнектерді ойып, құдайлар мен қасиетті жануарлардың суреттерін салатын болған.
XV ғасыр үстелі
Материал: емен
Мәдениет: Франция немесе Оңтүстік Голландия
Жиһазды дайындау үшін халықтың қолында молынан табылатын — ағаш, саз және тас секілді заттарды пайдаланған. Жеңіл орындықтар мен тапшандарды: Еуропада — тал шыбықтан, Қытайда — қамыстан тоқыған. Темір пайда болғанға дейін, ежелгі Грецияда төсекті төзімді қоладан жасаған.
Балдахині бар бұл жәшік стюард Сенбидің қабірінен табылған. Жәшікте Гордың төрт ұлының есімі және Анубис құдайдың құрметіне дұға жазылған.
Мұндай жабдықтардың біздің көзіміз үйреніп кеткен көптеген бөлшектері — мысалы, орындықтар мен дивандар — таяу арада, бар болғаны бір-екі ғасыр бұрын ғана пайда болған. Оған таптық тепе-теңсіздік кінәлі: қарапайым шаруалардың қолдан жасалған қымбат жиһазды алатын қаражаты болмаған. Бүгін біз сөз қылатын заттардың көбі бұрындары тек қалталы аристократтарға тиесілі болған.
ПОДПИСКА НА ВЕБ-САЙТ. ПРЕИМУЩЕСТВА:
Доступ к эксклюзивным статьям на сайте
Приглашение на образовательные лекции и мастер-классы
Возможность просматривать на всех мобильных устройствах и планшетах
Отличная цена: всего 200 тг в месяц!
ПОДПИСКА НА ПЕЧАТНОЕ ИЗДАНИЕ. ПРЕИМУЩЕСТВА:
Самое интересное в научных дисциплинах и технологиях простым языком
Высокое качество печати
Выходит 12 раз в год
Бесплатная доставка до двери по всему Казахстану
Доступ к архиву и новым номерам